Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары баспанасыз қалды – дайын үйлерді әкімдік тартып алған

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары баспанасыз қалды – дайын үйлерді әкімдік тартып алған

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары баспанасыз қалды – дайын үйлерді әкімдік тартып алған
ашық дереккөзі
Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары баспанасыз қалды, – деп жазады 24.kz. Баспаналы болу үшін жылдап қаражат жинаған 176 салымшы жаңа жылды өз шаңырағында қарсы алуды жоспарлаған. Алайда қараша халықтың көптен күткен үміті ақталмаған. «Конкурс өтіп, құжат жүзінде рәсімделіп қойған баспанамызды жергілікті әкімдік тартып алып, әп-сәтте жас мамандарға үлестіріп берген» дейді тұрғындар. Әкімшілік іскерлік орталығы маңында салынып жатқан № 7,8,13 және 14-көпқабатты үйлерді банк салымшылары қазан айынан бері жағалап келеді. Кейбіреуі үйдің бастапқы 20 пайыз жарнасын жинау үшін өзге банктерден несие алғанын айтуда. «Пәтер нөмерін, қабатты таңдадық. Әрі қарай банкпен келісімшартқа отырып, айына 70 мың теңгеден 10 жыл төлейтініміз туралы нақты келісімге келдік. «Пәтер желтоқсанда беріледі» деп уәде берді. Бізге еш ескертпестен, келісімшарт бұзылады. 7-8-14 үйлері бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының өтініші алынып тасталған. Әкімдіктен «бұл үйлер жасы 29-30 ға дейінгі жас отбасыларға берілсін» деген бұйрық келген. Естігенде таң қалдық» – дейді банк салымшысы Сапаркүл Бекет. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалының директоры Құдайберген Сейітмамбетов барлық мүмкіндікті жасағанын айтып, әкімдіктен келген хат шарасыз күйде қалғанын жеткізді. Ал қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр: «Мемлекеттік бағдарлама аясында бұл үйлер жастар мен көпбалалы аналарға таратылды. Ол үйлердің барлығын қайтарып беруге ешқандай негіз жоқ. Әкімдік осындай шешім қабылдады. Бұдан бөлек, 112 пәтерлі екі үйді қаңтар айында бітіріп беруді жоспарлап отырмыз» деп жауап берді.