Жаңалықтар

Шетелдік жұмысшылар саны азаймақ

ашық дереккөзі

Шетелдік жұмысшылар саны азаймақ

Жыл басында Қазақстан Үкі­меті «ҚР аумағында еңбек ету үшін шетелден жұмыс кү­шін тартуға 2020 жылға ар­нал­ған квотаны белгілеу туралы» қаулыны бекіткені белгілі. Осыған орай кеше Орта­лық коммуникациялар қыз­ме­тін­де баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев басқа елден ж­ұ­мыс күшін тартатын шетелдік компа­ния­ларға қандай талап қойылып отырғанын түсіндірді. Вице-премьердің айтуынша, биыл шетелдік жұмысшыларға берілетін квота мөлшері қысқартылған. Сондай-ақ үшінші және төртінші санаттағы шетелдік жұмысшылар саны азайтылды. «Былтыр шетелдік жұмысшыларға 49 мың квота берілсе, биыл 20 мыңға дейін қыс­қартылды. Үшінші және төртінші са­наттағы шетелдік жұмысшылардың санын барынша кеміттік. Мақсатымыз – бола­шақ­та төртінші санаттағы шетелдік жұ­мыс­шыларға берілетін квотаны түгел жою. Негізінен бірінші және екінші санаттағы мамандарды ғана аламыз. Яғни, өзімізде жоқ мамандар мен басшылар ғана шетелден келеді. Қазір шетелдік компаниялардың ал­дына мынадай міндет қойып отырмыз: егер 10 шетелдік жұмысшыны 3 жылға тартса, сол уақыт ішінде кемінде 10 қазақ­стандықты маман етіп дайындап шығаруы керек», – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.