Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш қабылдана бастады

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш қабылдана бастады

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш қабылдана бастады
ашық дереккөзі
Елордада халықты әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Құжаттарды қабылдау Алматы, Бай­қоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандары­ның әкімдіктерінде, Халықты жұмыс­пен қамту орталығында, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында жүр­гізіледі. Азаматтарды қабылдау жүй­е­сі алфавиттік тәртіппен өтуде. Сон­­дай-ақ атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап та­ғайын­­да­латын болады. Мысалы, өті­ніш 20 қаң­тарда немесе айдың соңғы күнінде тап­сырылса, онда төлем толық ай бойы төленеді. Құжат тапсырушы аза­маттар өзімен бірге толты­рылған өтініш пен сәйкестендіру үшін жеке куә­ліктерін ұсыну қажет. Сондай-ақ АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылық­ты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай уақытша тіркеу болу керек. Есте­ріңізге салсақ, атаулы әлеуметтік кө­мек­тің мөлшері бұрынғыдай отба­сының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің (КД) 70 пайыз арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жыл­дың 1-ші тоқ­са­нына КД – 34 654 тең­ге, кедейлік шегі – 22 258 теңге). 2019 жылдың тоғыз айында елордада атаулы әлеуметтік көмек 7 303 от­басыға немесе 36 515 адамға 2,6 млрд теңге сомасында төленген болатын. 2018 жылмен салыстырғанда алу­шылар саны 7,9 есе өсті (2018 жы­лы 924 отбасы және 4 601 адам). Ал бір адамға атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 6 848 теңгеден 16 446 теңгеге дейін, яғни 2,5 есе өсті. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап жалпы мүгедектік бойынша әлеуметтік төлем топқа байланысты 32 431-59 872 теңге аралығында тө­ле­неді. Төрт немесе одан да көп кә­ме­лет­тік жасқа толмаған және күндізгі бө­лім­де оқитын 23 жасқа дейінгі студент ба­лалары бар отбасыларға әлеуметтік жәр­демақы табыс көлемінен тыс бе­ріледі: төрт бала үшін – 42 496 теңге, бес балаға – 53 127 теңге, алты балаға – 63 757 теңге, жеті және одан да көп ба­ла­лар үшін – 74 388 теңге төленеді. Асыраушысынан айырылғандарға бе­рілетін жәрдемақы адам санына байланысты 26 818 теңгеден 65 797 тең­геге дейін болады. Ата-анасынан айы­рылған балалардың әрқайсысына 36 796 теңгеден беріледі. Бала тууына бай­ланысты берілетін біржолғы жәр­демақы: бірінші, екінші және үшінші ба­лаға 100 776 теңгеге дейін, ал төртін­ші бала үшін 167 076 теңгеге дейін беріледі. Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін ай сайын бірінші балаға – 15 276 теңге, екінші балаға – 18 061 теңге, үшінші ба­лаға – 20 819 теңге, төртінші балаға 23 603 теңге жәрдемақы беріледі. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалары бар немесе бұрын «Батыр ана» атағына ие бол­ған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбала­лы аналарға ай сайын 16 973 теңге мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Мү­ге­дек баланы тәрбиелеп отырған ана­сына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына 2020 жылдың 1 қаң­тарынан бастап кәмелетке толған­ша 43 657 теңге беріледі. Осындай мөл­шердегі жәрдемақы бірінші топ­тағы мүгедек баланы күту бойынша да төленеді. Жалпы алғанда, 2020 жылы көп­балалы отбасыларға мемлекеттік жәр­де­мақы төлеуге 177,6 млрд теңге бөлу көз­делген. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алатын болады.

Арайлым БИМЕНДИЕВА