Ұлтты ұйыстырып, жұртты жұмылдыратын жыл

2020 жыл – Еріктілер жы­лы. Мемлекет бас­шы­­сы Қасым-Жомарт Тоқаев айт­­­қандай,  Қазақстан волонтерлікті дамытудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Атам заманнан күрделі істің бәрін асарлатып атқаратын, көрші-қолаң, ағайын-туыстың шаруасына көмек қолын созуды міндетім деп білетін, жетімге пана, әлсізге қам­қор болуды парыз санайтын қа­заққа еріктілік жат емес. Ешбір қай­тарым күтпей қызмет қылу – хал­қымыздың қанында бар қасиет.

 Ең алғашқы еріктілер кімдер?

Тарихқа үңілсек, «волонтер» сөзі әлем­­де алғаш рет 1600 жылы қолданы­лып­ты. Соғыс кезінде майданға өз еркімен сұранып барғандарды солай атаған кө­рінеді. Кейін келе барлық салада өз еркімен, ешбір ақы, қайтарым сұрамай жұмыс істейтіндерді осы атаумен атай бас­тады.  Бүгінде әлем бойынша ерікті­лер саны 970 миллионға жетіп жығы­ла­ды. Джон Хопкинс уни­верситетінің зерттеуі бойынша олардың осы қызмет­ке арнаған уақыты 125 млн адамның толық жұмыс күніне сай келеді екен. Экономикалық әсеріне келсек, еріктілер қызметі 1,348 триллион АҚШ дол­лары­мен есептеледі, бұл ғаламдық эко­но­миканың 2,4 пайызын құрайды.

1970 жылы БҰҰ жанынан «Бі­ріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның волонтерлері» деген атаумен (The United Nations Volunteers – UNV) ха­лықаралық ұйым құрылды. Ол бүкіл әлем­дегі еріктілердің басын қо­сып, олар­дың қызметін жан-жақты дамытуды көздеді. Сол жылдан бастап әлем­­нің барлық елінде 5 желтоқсан Ха­лы­қ­ара­лық волонтерлер күні ретінде аталып өтеді.

UNV жыл сайын әлемдегі волонтерлік қызмет туралы есептік баяндама әзір­лейді. БҰҰ волонтерлерінің бағдар­ла­масын жүргізетін атқарушы коор-динатор Оливье Адам 2018 жылғы қо­ры­тынды баяндамада ұйымға мүшелік ететін 17 елдің ұлттық баяндамалары мен саяси стратегияларында волонтерлік туралы айтылғанын жазады. Соның бірі Қазақстан деуге толық не­гіз бар. Өйткені  Жастар жылында ерік­тілерге ерекше көңіл бөлу қолға алын­ды. Мемлекет басшысының жар­лығымен биыл­ғы жыл ресми түрде Ерік­тілер жылы деп жарияланды. Алайда бұл бұған дейін во­лонтерлерге мемле­кеттік деңгейде қол­дау көрсетілмеді де­ген сөз емес. Мәселен, 2016 жылы елі­мізде Волонтерлік қызмет туралы заң қа­былданды. Одан арыға үңілсек, Қа­зақ­стан 2002 жылы БҰҰ Бас Ас-самб­лея­сы­ның «Халықаралық волонтерлер жылы»  (A/RES/57/106) жөніндегі резолюциясына демеушілік етті.

Мемлекеттік  қолдау артты

Жыл өткен сайын еріктілерге қол­дау­дың артуының арқасында бүгінде  елі­мізде белсенді жұмыс істеп жатқан во­лонтерлік ұйымдардың саны 222-ге жет­ті. Жасаған жақсылықтарын жа­рия­ға жар салмай, тасада жүріп ізгі істер атқаратын топтар қаншама. Әрине, ерік­тілер бас қосатын ұйымдардың қыз­меті ақысыз, көмегі риясыз болса да, оларға қосымша қаражат керек екені анық. Өйткені көмектің сапалы әрі тұрақты болуы көп жағдайда ақшаға келіп тіреледі. Оның үстіне, еткен ең­бектің еленгені еріктілерге жігер сый­лап, өзгелерді де қайырымды істерге ынталандырары анық. Мұны ескерген мемлекет алғашқы қадам ретінде студенттерді тұрақты түрде ерікті болуға талпындыру үшін қосымша ақы төлеуді қолға алды. Өткен жылдың күзінде Бі­лім және ғылым министрлігі мен Ақ­парат және қоғамдық даму министрлігі  «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру мақсатында ынтымақ­тас­тық туралы меморандумға қол қой­ды. Балалар үйінен бастап, әлеуметтік ме­кемелерде және әртүрлі шаралар ба­ры­сында волонтер болған студенттер аталған жоба аясында сыйақы алатын болады.

БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, аталған жоба – студент-еріктілердің оқу ақысын төлеуіне таптырмас мүм­кін­дік. Жекеменшік, мемлекеттік универси­тетте білім алып жатқан әрбір студент бұл жобаға қатысуға құқығы бар. «Ерік­тілердің таңдауына ваучердің екі кредитті және бес кредитті екі түрі ұсы­ны­лады. Ерікті екі кредитті ваучерге 20 мың теңге алып, тиісті бағдарламаны орын­­дайды. 5 кредитті бағдарлама бойынша екі кредитке қарағанда кө­бірек жұмыс істеуге тура келеді», – дейді Ә.Тойбаев.

Еріктілерді қаржылай қолдаудың тағы бір тетігі – халықаралық және республикалық гранттар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар. Мә­се­лен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы түрлі үкімет­тік емес ұйымдар өткен жылы 3,4 млрд тең­ге көлемінде 130-ға жуық грант­қа бай­қау жариялады. Сондай-ақ халық­ара­лық ұйымдар, елшіліктер де волонтерлік ұйымдарға грант бөліп отырады. Мәселен, Еуроодақтың Қазақ­стандағы өкілдігі жыл сайын 300 мың евролық грант ұсынады. Ал АҚШ елшілігі Шағын гранттар бағдарла­ма­сы­ның қаржысын биыл 50 мың долларға дейін ұлғайтты. Аз ақша емес. Сол грант­тарды жеңіп алған ұйымдардың бар­лығы жұмысын адал, сапалы орындамайтыны қын­жыл­тады. Бармақ басты, көз қыстылыққа ба­са­тын, ісі мен есебі қиыспайтын кей­бір ұйымдардың кесірінен біздің қо­ғам­да еріктілік лайықты бағалан­бай­тыны өкінішті.

Еріктілік – жастардың ермегі ме?

 Елімізде волонтерлар туралы сөз қозғалса, бірден жалау желбіреткен жастар ойға түседі.  Мәдени, спорттық шараларда бірдей жейде киіп, қонақтарды күтіп алатын немесе ұрандатып жанкүйерлік көрсететін қыз-жігіттер келеді көз алдымызға. Яғни, біздің түсінігімізде еріктілік тар шеңбермен шектелген. Шын мәнісінде, волонтерліктің көкжиегі әлдеқайда кең, мақсат-міндеті ауқымды. Батыс елдерінде жастардың мектеп жасынан ерікті болуға ұмтылатыны бекер емес. Бұл қоғам дамуына өз үлесіңді қосу ғана емес, жасаған жақсылығың арқылы өз болашағыңды дұрыс жолға бағыттау. Айталық, Еуропа елдерінің көпшілігінде жоғары оқу орнына түсерде, қызметке орналасқанда волонтер жастарға басымдық беріледі. Яғни, қоғамдық жүйе өзгеге көмек беруге жағдай жасаған. Сондықтан кәрі құрлықта еріктілер қозғалысына қосылатын жандардың саны жоғары. Мысалы, Германияда елдің 34 пайызы, яғни әрбір үшінші неміс волонтерлік жобаларға қатысады. Айына 15 сағатын ізгі іске арнайды. Ұлыбританияда 10 адамның 4-еуі ерікті атанады екен, яғни елдің 20 млн-ға жуық халқы волонтерлікпен айналысады. Бұл елдерде еріктілік әлдеқашан көпті біріктірген қоғамдық идеяға айналған. Ақысыз көмекті өмір салтына айналдырған еуропалық еріктілер мейірімділік пен қайырымдылық жас талғамайды деп есептейді. Ал біздің елде волонтерлер қатарынан егде кісілерді кезіктіру қиын. Бұл іспен көбіне студенттер, оқушылар, жас мамандар айналысады. Сондықтан үлкен кісілер волонтерлікті жастардың ісі деп қа­былдайды. Еріктілікті еңбек емес, ерік­кеннің ермегі деп түсінетіндер де бар.

Шетелдік тәжірибеде еріктілер жас ерекшелігіне қарай жік­тел­мейді. Қоғамға өзгеріс алып келемін деген кез келген адам бос уақытын волон-терлікке арнай алады. Мысалы, АҚШ-та 24 жасқа дейінгі еріктілер 22,6 пайызды, 25-44 жастағылар 26,7 пайызды құраса, 45-65 жас аралығы мен 65 жас­тан жоғары еріктілер саны 51 пайыз­ға дейін жеткен.

Бұл елде әдетте жастар оқуға түсіп, жұмысқа орналасқаннан кейін ата-анасының үйінен кетіп, өз еркімен өмір сүре бастайды. Жалғыз қалған ата-аналары бос уақытын саяхаттауға, ерік­ті болуға арнайды. Ал қазақтың ата-әжелері зейнетке шықса, немере бағудан бо­са­майды, қоғамдық жұмысқа ара­ласуға уақыт табу қиын деген уәж айтылады. Әзірге еліміздегі барлық жастағы азаматтарды жұмылдыратын шаралар экологиялық акциялар және сенбіліктермен шектеліп отырғаны жасырын емес.

Еуропаның қалаларын араласаңыз да, түрлі мекемелерде ерікті болып тұрған ересек азаматтарды байқау қиын емес. Айталық, қаржыгер сенбі сайын шіркеуге келетін туристерге жол көрсетуші болып жұмыс істеуі мүмкін. Панасыз қалғандарға тегін тамақ таратумен айна-лысатындар да жетерлік. Африка елдеріне аттанып, балаларды ақысыз оқытуға, емдеуге даяр кісілер де бар. Ал Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) Румыниядағы зубрларды сақ­тау бағдарламасына қатысуға шақы­рады. Алайда еріктілерге қойылатын талап та жоғары: ағылшын тілін еркін меңгеріп, бағдарламалаудың шебері болуыңыз шарт. Яғни, қалаған жан ерік­ті бола алмайды. Себебі өзгеге көмек беру үшін белгілі қабілеттерге ие болуыңыз қажет.

 Волонтуризм – жаңа тренд

Бүгінде әлем елдерінің арасында ше­караның жойылуы волон­тер­ліктің жаңа деңгейге шығуына алып келді. «Көршіңе көмектесу» ұғымы геог­рафиялық жағынан түрленгені сон­ша­лық, еріктілер әлемнің әр түкпірінде кө­мекке мұқтаж жандарға қолұшын созу­ға тырысып жүр. Бұл халықаралық во­лонтерлікті дамытып қана қоймай, туризммен сабақтасып, «волонтуризм» ұғымын енгізді. Жаңа тренд бойынша дамыған елдер тұрғындары қысқа уақыт ішінде он күндік сафариге саяхатты жергілікті жетімдер үйіне көмектесумен немесе 20 күнде жағалаудағы тас­ба­қа­ларды құтқару миссиясын тауға шығу­мен ұштастыра алады. Зерттеушілер мұн­дай «қайырымды саяхат» түрінің жер­гілікті тұрғындар өміріне пайдасынан гөрі зияны көбірек екенін айтады. Алайда сұраныс ұсыныс тудыратыны секілді осындай саяхатқа аттанғысы ке­летін және сол үшін қомақты қаражат төлеуге дайын адамдар барда волонтуризм дами бермек.

Кейбір саяхатшылар жоғары­да­ғыдай аз уақытқа шетелге қыды­рып, еріктілікті қатар атқарғысы келсе, енді бірі дамушы елдерге ұзақ мерзімге баруға дайын. Мәселен, 2018 жылы Қа­зақстанға Nur Otan партиясының ұйым­дас­тыруы­мен English for Jastar жобасы бойынша бір топ шетелдік ерікті келді. Олар екі ай бойы Қазақстанның шалғай ауылдарында мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретті. Сол сапар кезінде елімізді ұнатқан америкалық ерікті екі ай емес, бір жылға қалып қойғанын ақпарат құ­ралдары жазған еді.  Жалпы, амери­ка­лықтардың 40 пайызы бірнеше апталық саяхатта ерікті болуға дайын екен, ал 13 пайызы ерікті ретінде бір жылға жуық уа­қытын өткізуден бас тартпайтынын айт­қан.

Ал біздің елде әзірге волонтер болуға дайын азаматтар қатары көп емес. «Жастар» ғылыми-зерттеу ор­та­­лығының 2018 жылғы зерттеулеріне сәйкес, жас азаматтардың 82,6  пайызы еріктілікпен айналыспағандығы анықталған. Әр бе­сінші жас волонтерлік туралы е­ш­қашан естімеген екен. Осы жылға ресми түрде «Еріктілер жылы» деген айдар тағылуы осы статистиканың өзгеруіне ықпал ете ала ма? Жыл бойы ұйымдастырылатын ша­ралар ел тұр­ғындарын қайырымды істерге ынталан­дыра ма? Әлде есеп-қисап үшін өт­кі­зілген бір реттік іс-шаралардың нә­тижесі тек қағаз жүзінде  қалып қоя ма? Жасаған жақсылығы жай­лы жар салуға құмар кей жастар әр қа­дамын суретпен сипаттап, ізгі істі әлеу­меттік желідегі желікке айналдырып жібермей ме?  Көкейде сұрақ көп…

Үміт те бар. Мемлекет бас­шы­сы­ның еріктілердің қызметін ең­бек өтіліне қосу туралы ұсынысы қабыл­данса, во­лон­терлікті бір реттік акция емес, көпті біріктірген тұрақты тірлік ретінде қа­былдайтындар қатары артатыны анық. Жеке бастың мүддесінен бөлек, қоғам игілігіне қызмет етуге дайын азаматтар кө­бейсе, еріктілік қа­зақстандықтардың өмір салтына айналса, оның пайдасын өзге емес, өзіміз көрер едік. Өйткені қайырымдылық пен мейірім мол жерде зұлымдыққа орын босамайды. Уақытын елеулі еңбекке арнағандар бос ермекке арбалмайды.

 

Гүлмира ӘБДІРАШЕВА,

«Мейірімділер клубы» волонтерлік қозғалысының негізін қалаушы:

Қарттарға қамқорлық көрсеткенімізді сынаушылар бар

– 2015 жылы басталған «Мейірімділер клубы» қозғалысы бүгінде Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларында жұмыс істейді. Тобымыздағы жақсылыққа жаны құмар адамдар өте өзекті мәселелерге қоғам назарын аудара алды, көпбалалы отбасылар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға көмектесіп келеді.  Клубта барлығы автоматты түрде жүзеге асырылады. Мәселе туындаса, шешу керек. Әрине, өз мүмкіндіктерімізге қарай. Көмектесіп болған соң, келесі мұқтаж жандарға асығамыз. Өз еңбегіміз үшін «Оскар» күтпейміз, адамдардың «Рақмет!» деген сөзінің өзі үлкен қуат береді.

Кез келген мұқтаж жанның аянышты тағдыры болады. Оларға көмектесіп жүріп, өзі күйзеліске түспеу үшін еріктінің ерік-жігері, рухы мықты болуы керек.  Волонтерлер де – ет пен сүйектен жаралған адамдар. Олар робот емес. Өзгенің ауыр тағдырын жүрекке жақын қабылдайды. Кейде еріктілер өздері көмек берген адамдардан түңіліп келеді. Әйтсе де, оларды қиындықта қалдырмайды. Әлемде қатігездік пен келеңсіздіктер көп, ал еріктілер сол әлемді жөндейтін, жақсартуға тырысатын жұмысшылар тәрізді. Мен оларды самурайларға, жарық әлем жауынгерлеріне теңеймін.

Күн сайын түрлі наразылықтармен бетпе-бет келеміз. «Қарттарға не үшін көмектесесіңдер, олардың күні санаулы. Одан да балаларға көмектесіңдер» дейді немесе жануарларға көмектескенімізді сынға алады. Біз өз жолымызбен жүріп келеміз. Барлығына бірдей ұнай бермейміз және бүкіл адамзатты бақытты ете алмаймыз. Бірақ командамыздағы әрбір адам өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланады: кедейлердің шашын алып береді, мысықтарға тамақ береді, жалғызбасты қарттардың үйін тазалап береді, аз қамтылған үйдің балаларын киноға апарады. Бұл үшін ешкімнен қолпаштау күтпейміз. Тек өз ісіміздің дұрыс екенін білеміз. Ең бастысы – жақсылық дәнін себу.

 

Айжан МАМЕШ, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының мүшесі:

Балаларды қуанту  керек деген мақсат қойдым

– Ерікті болу дегеніміз – қоғамға қажет екеніңді сезініп, адамдарға пайдаңды тигізу. Сол арқылы білімің мен икеміңді үнемі жетілдіріп отыру. Еріктілер деп кез келген істі өз еркімен, ешкімнің мəжбүрлеуінсіз, шын көңілмен атқаратын адамдарды айтады. «Еріктілер лигасының» мүшелері дәл сондай жандар. Қоғамдық қор 2014 жылы құрылған. Құрамында ресми түрде он мыңға жуық ерікті тіркелген. Оның 80 пайызы – жастар. Лига бес бағыт бойынша қызмет атқарады. Атап айтқанда, əлеуметтік, денсаулық, білім, экологиялық бағыт және өз-өзін дамыту салалары бойынша жұмыс істейді. Лигада жас ерекшелігіне қарай шектеу қойылмайды. Мектеп оқушысынан бастап үлкен азаматтарға дейін тіркелген. Сонымен қатар бұл ұйым қаладағы 14 жоғары оқу орнымен қарым-қатынас орнатқан.

Ең алғаш ерікті болып келгенімде Арбатта балаларға тәтті-пәтті тараттым. Бұл да бір қызық оқиға болды. Сол кезде өзіме «Болашақта балаларды қуанту керек» деген мақсат қойдым. Жақында мақсатымның алғашқы қадамын да істедім. «Стань старшим другом» деген өз жобамды бастадым. Бұл жобаның басты міндеті – балалар үйіндегі балаларды бақытты ету. Шілде айында №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді музейге апардым. Бойымда қорқыныш болғаны рас. Себебі бұл жобаны қолға алмас бұрын қаншама мекеменің есігін қағуға тура келді. Мектеп оқушысы болғандықтан маған сенім білдіргендер аз болды. Артқа шегініп, бастаған ісімді аяқтағым келмей, жылаған кездер де басымнан өтті. Бірақ табандылық пен еңбектің арқасында жобам іске асып жатыр. Күні бойы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен уақытымды өткізу арқылы шаршағанымды ұмытып кеттім. Балалардың қуанышты жүздерін көргенде, мақсатым айқын болғанын түсіндім. Бұл тек бастамасы, алда талай игі істердің басы-қасынан табылғым келеді.

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
163343

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп...
unnamed

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан...
mattt

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі...

Жаңалықтар

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

ДИМАШ – АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...