"Cоғыс емес, санкция": Трамп бейбітшілікке ұмтылатынын мәлімдеді

"Cоғыс емес, санкция": Трамп бейбітшілікке ұмтылатынын мәлімдеді

"Cоғыс емес, санкция": Трамп бейбітшілікке ұмтылатынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Ирактағы америкалық әскери базалардың атқылануына байланысты ресми мәлімдеме жасады.   9 минуттық жолдауында Трамп ракета шабуылынан АҚШ әскерилері зардап шекпегенін айтты. Алайда Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы жаңа қатаң санкциялар енгізуге бекінген. Дональд Трамп Тегеранды ядролық амбицияларынан бас тартып, терроризмге қолдау жасағанды доғаруға шақырды.  «Иран халқы мен билігіне мынаны айтқым келеді: Біз сіздердің болашағыңыз жарқын болғанын қалаймыз. Сіздер оған лайықсыздар. Мемлекет өркендеп, әлем елдерімен үйлесімді достық қарым-қатынаста болса дейміз. Америка Құрама Штаттары бейбітшілікке ұмтылған әрбір елмен тату болғысы келеді», - деді АҚШ көшбасшысы.