Тегерандағы апат: Ұшақта қай мемлекеттердің азаматтары болғаны анықталды

Тегерандағы апат: Ұшақта қай мемлекеттердің азаматтары болғаны анықталды

Тегерандағы апат: Ұшақта қай мемлекеттердің азаматтары болғаны анықталды
ашық дереккөзі
Иранда апатқа ұшыраған ұшақта мерт болғандардың көбі – ирандықтар мен канадалықтар. Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко осындай мәлімдеме жасады.  «Ұшақ қаза тапқандардың қай елдің азаматы екендігі жайлы мынадай ақпарат бар: Иран – 82; Канада – 63; Украина - 2 + 9 (экипаж); Швеция – 10; Ауғанстан - 4; ГФР - 3; Ұлыбритания – 3», - деп жазды  Пристайко Twitter-дегі парақшасында.  Министр ұшақ апатында қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, Украина билігі тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді.