Аза тұту күні сауық-сайран құрып, Жаңа жыл тойлаған аудан әкімі жұрттың ызасын тудырды

Аза тұту күні сауық-сайран құрып, Жаңа жыл тойлаған аудан әкімі жұрттың ызасын тудырды

Аза тұту күні сауық-сайран құрып, Жаңа жыл тойлаған аудан әкімі жұрттың ызасын тудырды
ашық дереккөзі

Ақмола облысының Ерейментау ауданының тұрғындары өз әкімдерінің өрескел қылығына наразы. Айтуларынша, елімізде ұшақ апатына байланысты жарияланған жалпыұлттық аза тұту күні шенеунік  қызметтестерімен бірге сауық-сайран құрып, жаңа жылдық отырыс ұйымдастырған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

Әлеуметтік желіде Аяз ата мен Ақшақар жергілікті шенеуніктердің көңілдерін көтеріп, тырысып бағып жатқандығы түсірілген видео таралыпты. Жергілікті тұрғындар қызу өтіп жатқан кешті полицейлердің көмегімен тоқтатпақшы болыпты, дегенмен олардың қолдарынан ешнәрсе келмеген. Ең сорақысы, қаралы күні көңіл көтеріп жүргендердің арасында әкім Абай Әлжанов та болған, мейрамханадан аудан басшысын бірнеше адам байқапты. Жұрт Bek Air ұшағының апатынан кейін қайғырып жүрсе, шенеунің бұл жағдайға мырс етпеген көрінеді. Мейрамхана жергілікті депутатқа тиесілі екен, ал қара жамылған күні сауық құруға 200-ден астам адам жиналыпты. Олардың көпшілігі шенеуніктер мен олардың жұбайлары болған. Әлжанов болса, жаңа жылдық кешке емес, туысының туған күніне келгендігін айтып ақталыпты. Бірақ мейрамханада көп отырмаған көрінеді, қаралы күнге байланысты, туған күн иесін құттықтап, үйіне қайтып кетіпті. Қазіргі таңда аталған іс бойынша комиссия құрылып, тексеріс жұмыстары басталып кеткен.