Полиция ескертеді – 15 тәулікке қамауға алынасыз
7 қаңтар, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Полиция ескертеді – 15 тәулікке қамауға алынасыз
2019 жылы полиция қызметкерлері қоршаған ортаны ластаушылармен белсенді жұмыс жүргізген.
Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, 2019 жылы рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны және кәрізден шығатын қалдықтарды ағызып жібергені үшін қала тұрғындарына 1 мың 72 хаттама толтырылған.
Полиция қызметкерлері мұндай әрекетті үш рет қайталаған тұрғындар 15 тәулікке қамауға алынатынын қатаң ескертеді.