2 жасар бала тісін емдетемін деп жансақтау бөліміне түскен – министр бақылауына алды

7 қаңтар, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
2 жасар бала тісін емдетемін деп жансақтау бөліміне түскен – министр бақылауына алды Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорданың стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз күйге түскен баланың жағдайын өз бақылауына алды, – деп жазды ҚазАқпарат. Елорда тұрғыны Анастасия Зелёная «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook тобында екі жарым жастағы баласының стамотологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түссіз күйге түскенін жазған болатын. Бала 11 тәуліктен бері есін жия алмай жатыр. Осы оқиғаға байланысты Елжан Біртанов түсінік берді. «Жағдайды бақылауымда ұстап отырмын. Өкінішке қарай, баланың жағдайы өте ауыр. Бірақ, дәрігерлер тарапынан медициналық көмек барынша көрсетілуде. Оған толыққанды деңгейде жәрдем беріледі», – деп жазды министр Facebook парақшасында. Сонымен бірге, министр ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабековаға аталмыш стаматологиялық клиниканы тексеруді тапсырды.