Жаңалықтар

Тұрғын үйдің шаршы метрі 40 мың теңгеге дейін қымбаттайды – сарапшылар

ашық дереккөзі

Тұрғын үйдің шаршы метрі 40 мың теңгеге дейін қымбаттайды – сарапшылар

Жылжымайтын мүлік мамандары сараптама жүргізіп, бір айдың ішінде тұрғын үй шаршы метрінің бағасы қырық мың теңгеге артады деген тұжырымға келді. 

Дәл қазіргі уақыт - жылжымайтын мүлік саласындағы жұмысшылар үшін қызу екені айтылды: риэлторлар келісімшарт жасасады, ал клиенттер барлық құжаттарды рәсімдеуге асығады.

Келесі айда жылжымайтын мүліктің бағасы едәуір өседі. Шаршы метрдің бағасы 20-40 мың теңгеге қымбаттайтыны атап өтілді, деп хабарлайды КТК

Баға өсуінің негізгі себептерінің бірі - жоғары сұраныстың болуы. Өткен жылы жылжымайтын мүлікті сату бойынша жасалған мәмілелер саны үштен бірге артқаны белгілі. Айта кету керек, қазақстандықтар екінші реттік баспанаға үлкен қызығушылық танытуда.

Валютаның ауытқуы да тұрғын үй бағасына әсер етеді. Өткен жылы доллардың өсуіне байланысты жылжымайтын мүлік құны жеті пайызға өсті.

Арнаның хабарлауынша, қазақстандықтар қосымша табыс көзі ретінде пайдаланатын бір бөлмелі пәтерлер ерекше сұранысқа ие.

Жалпы, өткен жылы тұрғындардың ипотека арқылы баспана сатып алғаны белгілі болды. Айта кету керек, бұған түрлі мемлекеттік бағдарламалар да әсер етеді.