Қытайды қауіпті кесел жайлауына байланысты дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

Қытайды қауіпті кесел жайлауына байланысты дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

Қытайды қауіпті кесел жайлауына байланысты дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады
ашық дереккөзі
Қазақстанның санитар-дәрігерлері Қытайды белгісіз дерт жайлауына байланысты осы елге баратын отандастарымызды сақ болуға шақырды. Дәрігерлер 60-қа жуық адамның нендей кеселге шалдыққанын біле алмай жатыр, деп хабарлады КТК. "Инфекцияның шығу тегі әлі анықталмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай үкіметімен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Әзірге ол вирусты жұқтыру дерегі тіркелмеген. Болжам бойынша, кеселдің теңіз өнімдерінен келуі әбден мүмкін", - дейді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова. Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында осы күнге дейін шығу тегі белгісіз қабыну дертінің 59 жағдайы тіркеліпті. Жеті адамның жағдайы нашар. Қауіпті вирусты жұқтырғандармен байланыста болған 170-ке жуық адам бақылауға алынған. Барлығы Қытай азаматтары. Еліміздің санитар-дәрігерлері Қытайға жолы түскен азаматтарға респираторлық инфекциялардың алдын алу шараларын қаперден шығармауға шақырады. Хубэй провинциясына Қазақстаннан тікелей әуе рейстері жоқ.