Иран генералының өлімінен кейін әлемде мұнай бағасы шарықтады
Иран генералының өлімінен кейін әлемде мұнай бағасы шарықтады
Иран генералы Касем Сулейманидің өлімінен кейін әлемдегі мұнай бағасы күрт көтеріліп, бір баррелі 70 доллардан асты.
Бүгін Лондон қор биржасындағы саудада «Брент» маркалы мұнайдың 1 баррелі 70 доллар 16 центті құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соңғы рет қара алтынның құны былтыр мамыр айында осылай шарықтаған. Ол кезде мұнай нарығына Парсы шығанағындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің 2 танкеріне шабуыл әсер еткен еді. АҚШ бұл қастандықты Иран жасады деп, аймақтағы жағдай бірнеше ай шиеленісте болған.