Жаңалықтар

Алматыда жаппай төбелес болды

ашық дереккөзі

Алматыда жаппай төбелес болды

Шагабутдинов көшесінде орын алған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Кадрде бірнеше адамның жүргінші жолында ерегесіп тұрғанын байқауға болады, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. Аяқ асты ұстасқандардың бірі қарсыласын ұрып құлатып, тепкінің астына алған.  Жерде жатқан досын арашалап алмақ болған азамат та соққыға жығылды. Абырой болғанда, бұзақылар тез анықталып, қамауға алынған. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.