Әлемдегі ең қарт әйел туған күнін атап өтті
Әлемдегі ең қарт әйел туған күнін атап өтті
Жапонияда әлемдегі ең қарт әйел Канэ Танака 117 жасқа толған туған күнін атап өтті. Ол Фукуока қаласында қарттар үйінде тұрады.
«Токио симбун» басылымының хабарлауынша, Танака-сан туған күнінде үнемі ашық сары түсті ұлттық кимоно киді. Оған достары гүл шоқтарын, құттықтау хаты мен торт берді. «Өте дәмді», - деді жапондық кейуана.
Канэ Танака 1903 жылы Фукуока префектурасында дүниеге келген. Өткен жылы наурызда ғаламшарымыздағы ең қарт әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол әліге дейін үстел ойындарын ойнап, математикалық есептер шығарғанды жақсы көреді.