Жаңалықтар

Алматыда ер адамды өлтірген 15 жастағы жасөспірім тұтқындалды

ашық дереккөзі

Алматыда ер адамды өлтірген 15 жастағы жасөспірім тұтқындалды

Алматыда адам өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Оқиға 2019 жылы 30 желтоқсан күні кешкі сағат 17:10-18:00-дер аралығында 6-шағын аудандағы №3 үйдің жанында болған. Әкесінің өлімі туралы алматылық Руслан Ақмаев Facebook-тегі парақшасында жазды. Сондай-ақ ол оқиға куәгері болған « ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісін іздейді. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 15 жастағы күдікті тергеу изоляторына қамалған. «Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандар үшін көлік құралын жүргізу фактісі бойынша жеке әкімшілік іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында.