Жаңалықтар

Қытай мен Үндістан азаматтары Қазақстанда 72 сағат визасыз жүре алады

ашық дереккөзі

Қытай мен Үндістан азаматтары Қазақстанда 72 сағат визасыз жүре алады

Қазақстан арқылы өтетін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим ашылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.  «Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына кіру мен Қазақстан аумағында болудың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды ​​және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзиттің 72 сағаттық режимі ашылды. Пост бекеттеріне транзиттік Қытай мен Үндістан азаматтарының паспорттарында Қазақстанның мемлекеттік шекарасына өту уақытын көрсететін мөртабандар қойылады», - делінген хабарламада. Заң 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Ереже үкіметтің «Қазақстанға көшіп келушілердің келуі мен Қазақстанда болуын, сондай-ақ олардың Қазақстаннан кетуін, көші-қонды бақылауды жүзеге асыру ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына заңсыз кіретін республиканың мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеуді бекіту туралы» қаулысында айтылған.