Президенттің жаңа жылдық құттықтауы неліктен бөлінді — депутат түсіндірді

Президенттің жаңа жылдық құттықтауы неліктен бөлінді — депутат түсіндірді

Президенттің жаңа жылдық құттықтауы неліктен бөлінді — депутат түсіндірді
ашық дереккөзі
Владимир Путиннің жаңа жылдық құттықтауынан кейін сағат белгісінің шықпай қалу себебін Ресейдің Ижевск қаласы думасының депутаты, жеке кабельдік телеарнаның продюсері Альфред Зиннатуллин түсіндірді.  Бұған дейін Ижевск қаласының тұрғыны өзінің фейсбуктегі парақшасында 2019 жылдың 31 желтоқсанында Ресей президентінің құттықтауынан кейін куранттардың орнына телеарна продюсері, қалалық дума депутаты Альфред Зиннатуллиннің құттықтауы шыққанын жазған, деп хабарлайды РИА Новости. "Құрметті көрермендер мен қала тұрғындары! Арнамызда Жаңа жыл түнінде болған техникалық ақауға байланысты кешірім сұраймын. Қазіргі уақытта ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр", — деп жазған депутат әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол телеарна жеке кабельдік аналогтық арна болса да, мұндай жағдайға жол бермеуі керек екенін де айтқан.