Тұрақта тұрған көліктен ер адамның денесі табылды

Тұрақта тұрған көліктен ер адамның денесі табылды

Тұрақта тұрған көліктен ер адамның денесі табылды
ашық дереккөзі

Жаңаөзенде тұрақта тұрған көліктің ішінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Lada.kz

Облыстық жедел жәрдем бекет қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 44 жастағы Мұнайлы ауданы тұрғынының денесін 4 қаңтар күні "Жаңаөзен" ойын-сауық кешенінің күзетшілері Toyota Camry көлігінің ішінен тауып алған. Қарауыл қызметкерлері бұл көліктің кешеннің көлік тұрағында бірнеше күннен бері тұрғанын айтыпты. Полицейлер оқиғаны тіркеп, оның мән-жайын анықтауға кіріскен. "Сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Ер азаматтың денесінде жарақаттар байқалмайды", - деді облыстық ПД қызметкерлері.