«Бұл ескерту болсын»: АҚШ Ирандағы 52 нысанды атқылауға дайын екенін мәлімдеді

АҚШ Ирандағы 52 нысанды атқыламақ. Бұл туралы Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді. 

«Бұл ескерту болсын. Егер Иран америкалықтарды немесе америкалық нысандарды атқылайтын болса, біз де қазірден бастап Ирандағы 52 нысанды көздеп отырмыз (бұл нысандар Иранның көп жыл бұрын тұтқынға алған 52 америкалықты білдіреді). Ол нысандардың кейбіреуі Иран үшін, Иран мәдениеті үшін аса маңызды. Соққы осы нысаналарды және Иранды көздейді, бұл өте жылдам және өте күшті соққы болады. АҚШ қорқытып-үркітуге енді шыдамайды!», – деп жазды АҚШ президенті.

 

 

Back to top button