Қарағанды мен Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
4 қаңтар, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Қарағанды мен Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» мәліметіне сүйенсек, бүгін түнде Өскемен және Қарағанды қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.