Жаңалықтар

Ресей-Беларусь: мұнай тасымалы тоқтады

ашық дереккөзі

Ресей-Беларусь: мұнай тасымалы тоқтады

Ресей Беларуське мұнай жеткізуін тоқтатты. Бұл туралы РИА Новости басылымы жазды. 1 қаңтардан бастап мұнай жеткізу тоқтаған, ал "үздіксіз партиялар" 31 желтоқсанда таусылған. Соған қарамастан Беларусьте мұнай қоры әзірге жеткілікті және МӨЗ штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. "Белнефтехим" концерінің өкілі мұнай жеткізу тоқтағанын растады, МӨЗ жүктемесі технологиялық минимумаға дейін төмендетілген. Беларусьте екі мұнай өңдеу зауыты бар – Мозырде ("Мозыр МӨЗ" ААҚ) және Новополцкіде ("Нафтан" ААҚ). Айта кетейік, 31 желтоқсанда Ресей мен Беларусь жанармай жеткізу бойынша келісімге келе алмаған болатын. Осыдан кейін республика президенті Александр Лукашенко мұнай жеткізу бойынша Минск Мәскеумен келіссөздерді тоқтатып, басқа жерлерден жанармай дереккөздерін іздейтінін айтты.