13 жасар бала батуттан құлап, жарақат алды

4 қаңтар, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
13 жасар бала батуттан құлап, жарақат алды Алматыдағы Көк-Төбеде батуттан құлаған бала жарақат алды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Науқасты жедел-жәрдем қызметі Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізді. Дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмекті толығымен алып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы. Полицияның айтуынша, 13 жастағы бала өзінің абайсыздығынан қарапайым батуттан құлап қалған, ата-анасының парк әкімшілігіне ешқандай наразылығы жоқ.