«Айбынды Алтын Орда» атты кітап көрмесі өтеді
4 қаңтар, 2020 /
Асыл ТҰМАР
«Айбынды Алтын Орда» атты кітап көрмесі өтеді
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2020 жылы аталып өтетін Алтын Орданың 750 жылдығы, әлемге әйгілі ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына, «Волонтер жылына» және «Журналистика – дәстүр мен жаңашылдық жаршысы» тақырыбында кітап және фотокөрмелер өтеді.
Кітапхана баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Абай тағылымы» атты иллюстративті-кітап көрмесінде ұлы Абайдың өмір жолы мен шығармалары, дүниетанымы мен баға жетпес мұрасымен таныстыратын 8 бөлімнен тұрады. «Қалың елім қазағым...», «Абай туралы», «Абайдың дүниетанымы», «Абай шығармалары туралы», «Қазақ халқының рухани асыл мұрасы», «Мерзімді басылымдар Абай туралы сыр шертеді», «Абай» романы – қазақ өмірінің айнасы, үлкен шежіресі», «Абайдың бейнесі суреткерлер көзімен» атты бөлімдерде ұлы Абай тек қазақ халқының ғана ақыны емес, әлемдік әдебиетке ортақ тұлға ретінде көрсетіледі.
«Әл-Фараби мұрасы» атты өте кітап көрмесінде Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметін жайында баяндайтын 400-ден астам кітап, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылады. Көрме 5 бөлімнен тұрады.
«Айбынды Алтын Орда» атты кітап көрмесінде Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, даму тарихын, күйреуін баяндайтын 160-қа таман кітаптар, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылады. Көрме 3 бөлімнен тұрады: Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, Алтын Орда мемлекетінің даму тарихы мен ыдырауы және Ұлытау – хандар мекені.
«Әлемді жақсы жаққа өзгерт» атты кітап және фотокөрме ұйымдастырылып отыр. Кітап көрмесінің мақсаты – еріктілік бастамалардың қарқынды дамуына қолдау көрсету және ҚР-да волонтерлік мəдениетті дамыту мақстыннда ақпараттық қамтамасыз ету.
Ал «Журналистика – дәстүр мен жаңашылдық жаршысы» атты кітап және фотокөрмесінде оқырмандарды Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы қазақ журналистикасының тарихы мен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы жайындағы кітаптармен таныстырады.