14 қаңтардан бастап Windows 7 жұмыс істемейді

14 қаңтардан бастап Windows 7 жұмыс істемейді

14 қаңтардан бастап Windows 7 жұмыс істемейді
ашық дереккөзі
Microsoft корпорациясы баспасөз қызметі хабарлауынша, тұтынушылар 10 күн ішінде бағдарламаның басқа нұсқасына ауысып үлгереді. «Осыдан 10 жыл бұрын жасалған Windows 7 бағдарламасы кезінде  киберқауіп те басқаша болатын. Заман өзгерген сайын жүмыс істеу тәсілі де дами түседі. Мысалы, кибершабуылдың жаңа түрі, не болмаса жаңа технологияның пайда болуы бағдарламаның қауіпсіздігіне басқаша қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан Windows 10 нұсқасы киберқауіпсіздік пен қауіптердің жаңа түрлеріне қарсы тұра алатын болып жасалды»,  деді Ресейдегі Microsoft корпорациясының баспасөз қызметі. Әрине, 14 қаңтардан кейін Windows 7-де ескірген құрылғылардың жұмысы тоқтамайды. Алайда, Windows 7 үшін операциялық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін ешқандай қауіпсіздік жаңартулары шығарылмайды.