Зарина Дияс жартылай финалға шықты
4 қаңтар, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Зарина Дияс жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші Гонконгта ірі турнирдің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Зарина Дияс 1/4 финалда грузиялық қарсыласын ұтты. Екатерина Горгодзе жерлесімізден 6:0, 7:6 есебімен жеңілді.
Енді Зарина америкалық Сачия Викеримен бақ сынасады. Матч 4 қаңтар күні өтеді.