Жылдың үздік нокауты – Арман Оспанов жеңімпаз атанды (видео)
Жылдың үздік нокауты – Арман Оспанов жеңімпаз атанды (видео)
Ресейлік Absolute Championship Akhmat промоушені 2019 жылдың үздіктерін атады, – деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Жылдың үздік нокауты номинациясында қазақстандық Арман Оспанов жеңіске жетті. 27 сәуірде Мәскеуде АСА 95 турнирінде Оспанов германиялық Лом-Али Эскиевті екінші раундта нокаутқа түсірген. Қазақстандықтың тіземен жасаған соққысы ұйымның үздік нокауты атанды.
Ресейлік спортшылар Марат Балаев пен Салман Жамалдиевтің кездесуі АСА-ның үздік жекпе-жегі деп танылды.
Хусейн Шайхаевтың қазақстандық Ержан Естановқа жасаған әдісі жылдың үздік сабмишені атанды.
Әр номинацияның жеңімпазы үш өлшем бойынша анықталды: жанкүйерлер, сарапшылар мен лига басшыларының дауыс беруі. Жыл үздігі атанған жеңімпаздарға 10 мың доллар (3 миллион 832 мың теңге) көлемінде сыйлық беріледі.
https://www.youtube.com/watch?v=eBhvl_uyw5k&feature=emb_logo