Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушының денесі табылды
Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушының денесі табылды
Ақтөбеде жоғалған оқушының денесі ауылдан 4 шақырым жерден табылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Іздеу тобы 1 қаңтар күні сағат 04:30-да шығып кетіп, үйіне оралмаған 11-сынып оқушысы Анатолий Лебедевтің денесін Алға ауданы, Қарақұдық ауылынан 4 шақырым қашықтықтан тапты. Жасөспірімнің денесінде ешқандай зорлық белгісі жоқ. Алдын ала болжам бойынша, оқушы далада үсіп қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.