Затобольск кентінің атауы Тобыл қаласы болып өзгертілді
Затобольск кентінің атауы Тобыл қаласы болып өзгертілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Затобольск кентінің атауын Тобыл деп өзгертіп, елдімекенді аудандық маңызы бар қаламен теңестіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz жазды.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобольск кентінің атауы Тобыл қаласы болып өзгертілсін. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген жарлықта.