Жаңалықтар

Теміртау–Нұр-сұлтан бағытында ондаған көлік жолда қалды (видео)

ашық дереккөзі

Теміртау–Нұр-сұлтан бағытында ондаған көлік жолда қалды (видео)

ekaraganda.kz инстаграм-парақшасында Теміртау–Нұр-сұлтан тас жолында тұрып қалған ондаған жеңіл және жүк көліктерінің видеосы жарияланды. Кадрда Нұр-Сұлтанға қарай бағыт алған екі-үш қатардағы ондаған көліктер қатары көрінеді. Олардың арасында жолаушылар автобусы да бар. Бұл ретте Қарағанды бағытындағы қозғалысқа еш кедергі жоқ. «Жол таза, Осакаровкадан шығып жүріп келеміз. Боран жоқ, бірақ жабық. Неге екенін білмейміз. Онда емін-еркін жүре беруге болады», – деп хабарлайды кадр сыртындағы дауыс. Кейбір желі қолданушылары жазбаның астына кептелісте төрт сағат тұрғанын жазған. Сондай-ақ, адамдар Осакаровка маңында арнайы техника қар тазалап үлгермегендіктен кептеліс пайда болғанын айтады. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде кептеліс себебін түсіндірді. "Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының шекарасынан Нұр-Сұлтанға дейінгі жол учаскесі жабылды. Қазір жол ашық, көліктер аз-аздан өтіп жатыр", – деді ведомство өкілдері. https://www.instagram.com/tv/B6zlR0vgFPv/?utm_source=ig_embed