Жаңалықтар

Шыршаңызды қоқысқа тастамай, зообаққа тапсырыңыз

ашық дереккөзі

Шыршаңызды қоқысқа тастамай, зообаққа тапсырыңыз

Жаңа жылдық шыршаларды қоқысқа тастамай, Алматыдағы хайуанаттар бағына тапсыра аласыз. InAlmaty.kz порталының жазуынша, аталмыш зообақ тірі шыршаларды қабылдау бойынша акция жариялаған. Бұл жасыл желектер бұғы, бұлан, кермаралдардың бақтағы орнын безендіру үшін пайдаланылады. «Жануарлар алқаптағы жаңа дүниелерге үнемі үлкен таңданыспен қарайды. Олар кез келген тың нәрсенің түр-әлпетін зерттеуге, иісін тануға, дәмін татуға құмар. Тұрғындарға қажетсіз болып қалған тірі шыршалар біздің жануарлардың қоршаған ортасын жандандыруы мүмкін», – дейді хайуанаттар бағының баспасөз қызметі. Шыршаны Алматыдағы Орманов, 64 мекенжайы бойынша орналасқан хайуанаттар бағына әкеліп, тапсыра аласыз.