Жаңалықтар

БҰҰ мамандары сұрайды – джинс сатып алмаңыз

ашық дереккөзі

БҰҰ мамандары сұрайды – джинс сатып алмаңыз

Джинс матасынан тігілетін киім-кешек бүгінгі таңда аса сұранысқа ие. О баста тек қара жұмысшылар үшін тігілген бұл өнімді қазірде қараша халықтан бастап қалталы азаматтарға дейін тұтынады. Осы орайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері әлем тұрғындарынан бұдан былай джинс сатып алмауын сұрап отыр.  "БҰҰ жаңалықтары" порталының жазуынша, бір жұп джинс өндіруге шамамен 4 000 литр су қажет екен. Бұл ретте табиғатқа келетін залал ұзындығы 111 шақырым болатын автожарыстан кейін бөлінетін зиянды заттармен пара-пар. Сонымен қатар, заттарды жуу кезінде су айдындары мен ауыз суды ластайтын пластиктің микробөлшектері мен басқа да улы заттар ауаға тарайды. Су ластаушылардың 20 пайызы – тоқыма өнеркәсібінің қалдықтары. Сән индустриясының кең ауқымы планетадағы климаттың өзгеруіне қатты әсер етуде. Бұл салада 300 миллион адам жұмыс істейді, жыл сайынғы айналым – 1,3 триллион доллардан асады. "Аталмыш айналымның барлық қатысушылары өндіріс процесін қайта қарауға, тоқыма өнеркәсібі арқылы пайда табуға әрі қоршаған ортаға зиян келтіретін әдістерден бас тартуға күш салуы тиіс", – дейді табиғатты қорғау қозғалысының белсендісі Лоренс Мила Каналс. Статистика бойынша, киімге деген сұраныс жыл сайын екі пайызға артып келеді. Осы екі мың жыл бұрыңғы кезеңмен салыстырсақ, бүгінде біз сатып алған киімді үш есе аз киеміз. Яғни, адам сатып алған джинсін (орта есеппен) 10 рет киеді де, тастайды. Бұл көрсеткіш елдің, жеке адамның әлеуметтік мәртебесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Десек те, тозған киімнің 87 пайызы қоқысқа тасталады. БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) өкілдері киім сатып алу кезінде материалдың беріктігіне назар аударуға кеңес береді. Сондай-ақ, тозған киімді сатып алу, ал ескірген киімді second hand-қа тапсыру немесе басқаларға беруді ұсынып отыр. Заттарды ұқыпты кию керек. Оларды мүмкіндігінше аз жуу және ұнтақтың орнына қою сұйықтықты таңдау ұсынылады. Ол киім талшықтарын азырақ шайып әкетеді.