Жаңалықтар

Президент Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты

ашық дереккөзі

Президент Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.  «Белгілі қоғам қайраткері жəне ғалым Серікболсын Əбділдиннің қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Серікболсын Əбділдəұлы – елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта, иманы саламат болсын!» – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында. Кеше Алматыда қоғам қайраткері, экономист Серікболсын Әбділдин 82 жасында дүние салды.