Бүгін жер сілкінді
Бүгін жер сілкінді
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 2 қаңтар күні 07 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркелгенін мәлімдеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 510 шақырым қашықтықта Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы – 9,0; магнитудасы MPV-4,0; тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәлімет жоқ.
Бұған дейін Алматы облысындағы Алтын Емел ұлттық паркінің аумағында жер сілкінісі болды.