Жаңалықтар

Еліміздің бірқатар қаласында күн райы қолайсыз болмақ

ашық дереккөзі

Еліміздің бірқатар қаласында күн райы қолайсыз болмақ

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 2 қаңтар күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай мен ауаның ластануы күтіледі. Атап айтқанда, Ақтау, Қызылорда және Шымкентте ауа райы қолайсыз болмақ. Қалған қалаларда қолайлы ауа райы сақталады. Қолайсыз ауа райы атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жинақталуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ЖҒҚ пайда болған кезде елдімекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болып табылады.