Серікболсын Әбділдин дүниеден өтті
1 қаңтар, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Серікболсын Әбділдин дүниеден өтті
Алматыда қоғам қайраткері, экономист Серікболсын Әбділдин 82 жасында көз жұмды, – деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Бұл хабарды саясаттанушы Ерлан Сайыров растады. Ол Facebook парақшасында: «Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин өмірден өтті», – деп жазды.
Еске сала кетейік, Серікболсын Әбділдин 1999 жылғы сайлауда Қазақстан Президенттігіне кандидат болып, халықтың 15 пайыз даусына ие болған еді.