Ел тұрғындары Жаңа жылға қанша қаржы жұмсайды?

Ел тұрғындары Жаңа жылға қанша қаржы жұмсайды?

Ел тұрғындары Жаңа жылға қанша қаржы жұмсайды?
ашық дереккөзі
Жаңа жылды қарсы алуға қызу дайындалатын ел­дер­дің қатарында Қазақстан да бар. aikyn.kz жазуынша, дәл осы мереке қар­саңында туған-туыс пен дос-жаранға сыйлық алар­да мәрттігімізде шек болмайды. Сөйтетіндей бұл мере­кенің не сиқыры бар? Биыл отандастарымыз Жаңа жыл­ды атап өту үшін қанша қаржы жұмсамақ? Жаңа жыл жақындағалы еліміздің сауда нүктелері ха­лық нөпірінен аяқ алып жүргісіз. Бүкіл ел дүкен аралап кеткендей. Оларды қызықтыру үшін сауда нүктелері түрлі іс-шаралар ұйымдастырып үлгерген, қай сауда орны тартымды – клиент соған ағы­ла­ды. 2016 жылы ranking.kz агенттігі қазақ­стан­дықтардың Жаңа жылға дайындық үшін 1 трил­лион теңгеге жуық қаржы жұмсағанын жазған-ды. Одан бері өткен 3 жылда бұл сома көбеймесе, азай­май­тыны белгілі. Жаңа жыл дайындығына қаржы ая­май­тындардың басым бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қа­ласында тұрады. Алматылықтар 3 жыл бұрын Жаңа жыл­да 243 млрд, ал астаналықтар 110 млрд теңге жұм­саған болса, үшінші орынды ШҚО 100 млрд теңгемен қо­рытқан екен. Аталған агенттік қалада тұратын қазақстандықтардың әрқайсысы Жаңа жыл үшін 91 мың теңге жұмсайтынын есептеп шығарған еді. Биыл астаналықтар тек сыйлық үшін орта есеппен 150 мың теңгеден астам қаржы жұмсағанын айтып отыр. Бірақ олар есімін жария етпеуді өтінген. Ал Тараз қа­ласының тұрғыны Жанна Әмірхан Жаңа жылды атап өту, дастарқан жаю мен жақындарға сыйлық жа­сау­ға оңтүстік өңірде, шамамен 45-50 мың теңге жұмсалатынын айтады. Ал сіз қанша қаржы жұмсайсыз?