Санаға – сәуле, сезімге – сел… (Премьерадан түйген ой)

 

Өткен аптада қазақтың театр өнерін жоғары бағалайтын көрермен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында бас қосты. Белгілі режиссер, театрдың көркемдік жетекшісі Мұрат Ахманов сахналаған Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашын» көруге асыққан жұрттың қатарынан біз де табылдық.

Отбасы мың кірпіштен қаланған үй секілді. Егер бір кірпіш орнынан құлап түссе, басқа кірпіштердің тығыз байланысы бұзылады. Салдарынан үйдің қабырғасы сөгіліп, шаңырағы шайқалып, ортасына түсуі бек мүмкін. Өзімшілдік бар жерде бірлік жоқ. Бірлік жоқ мекенде бүлік көп. Ал бүліктің түбі – өлім. Ағайындар арасындағы алауыздық, бауырлар арасындағы бақталастық бүгінгі қоғамның боямасыз шындығына айналғанын мойындау қиын-ақ. Бірақ бір жатырға сыйғандардың бір шатырға сыйыса бермейтіні ақиқат. Жан дүниеңе тереңдей еніп, бірде күлдіріп, бірде жылататын психологиялық драма отбасы дейтін киелі құрылымның құндылықтарын қайта қарауға үндейді.

Автордың отбасын мәуелі ағашқа, ал оның мүшелерін жан-жаққа тармақталған бұталарға теңеуі, теңеп қана қоймай, қайткенде көгеріп көктейтінін, қандай жағдайда қурап, құлайтынын көрсетуі көкейді сан түрлі ойға жетелейді. Күтім көрмеген гүл солады, бапталмаған ағаш та қурайды. Ал мейірім нәрін молынан сіңірген мәуелі ағаш жемісін көбірек салады. Күретамырдан тараған қуат күшін әр бұта өзіне қажетті мөлшерде қабылдай алмаса, жапырақ сарғаяды, бұта сынады, алып ағаш құлайды. Адам да дәл солай. Береке-бірлік, татулық болмаған отбасында жүректің жылуы қайдан болсын?! Қыз бойжетіп, құтты орнына қонған соң, ұл ержетіп, отау тіккен соң бауырлардың бір-бірінен суынатыны, бөтенсіп кететіні несі? Әлде бұл тіршіліктің заңы ма? Жазылмаған мұндай заңдар үстемдік құрар болса, өмірдің, адами құндылықтардың мәні қайсы? Қойылымды көріп отырып, бас кейіпкер Мақсатпен бірге осы сауалдардың жауабын шарқ ұрып іздедік.

Оқиға өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында, бір әлеуметтік-экономикалық формациядан екіншісіне өтетін, барымыз екшеліп, жоғымыз түгенделетін тұста өрбиді. Арбаға таңылған жарымжан баласымен бірге аядай ғана ауылда тұратын қарт әйел – Дәметкеннің тұрмысына куә боласыз. Өткен күндерді сағынышпен еске алған ана бір шаңырақтың астында төрт баласымен бірге уайым-қайғысыз өмір сүрген бақытты дәуренін көз алдына елестетеді. Құлыншақтарының асыр салып ойнаған жарқын үні, сыңғыр күлкісі келеді құлағына. Балаларының тезірек есейіп, қалаға барып оқуға түссек, жоғары білімді маман болсақ деген арманын да дәл кешегідей ап-айқын естіп тұр: олар өздерінің жарқын болашағына сенімді. Алдарынан тек сәттілік күтіп тұрғанына, бақытты ғұмыр кешетіндеріне күмән келтірмейді.    Сол балдырғандары – бүгінде бір-бір шаңырақтың иесі болған перзенттері үйіне, аналарының 70 жас туған күніне келе жатыр. Ауылға біраз уақыттан бері ат басын бұрмай кеткен ұл-қыздарының келетініне Дәметкеннің өзінен бұрын сүт кенжесі, арбаға таңылған мүгедек ұлы Мақсат мәз. Жанындай жақсы көретін ағасы мен әпкелеріне телеграмма жіберіп, анасының туған күніне шақырған да сол. Көптен көрмеген бауырларының басын қосып, мауқын басқысы келеді, бір кездегідей бір шаңырақ астында емен-жарқын сырлассақ дейді. Әйтпесе, қарт әйел мереке-мейрам дегенді ұмытқалы қашан… Дәметкен өзінің туған күнін тіпті елеусіз қалдырғанды құп көреді. Қаладағы бауырларының бәріне шақырту жіберген жарымжан ұлының көңілі үшін ғана 70 жасын атап өтеуге көнген.

Ал Мақсаттың мақсаты – ана­сының жүзіне күлкі ұялату, қара шаңы­­рақта шешелері бар екенін аға-әпкелерінің есіне салу. Бір-бірінің жанын қадірлеп, көңілін аялайтын ана мен бала қаладан келетін қонақтарды күтіп, қайта-қайта есікке елеңдейді. Әсіресе, Мақсат жанын қоярға жер таба алар емес: жиендерінің қай бөлмеге ұйықтайтынын, бауырларының қайда орналасатынын ойластырып әлек. Шатырда жатқан ескі шайтанарбамды түсіріп бер деп анасына жалынып жүр. Жиендері келсе, ойнасын дейді. Шешесі баласының сөзін жерге тастамайын-ақ дейді, бірақ қу тірлік мойнын бұрғызар емес.

«Он екі мүшем сау болса, үйдің шаруасының бәрін өзім реттеп, анама ауыр жұмыс істетпейтін едім» деп ойлайды ішінен. Қарғыс атқыр арбадан тезірек тұрып кетсе, отбасын құрып, шешесіне немере сүйгізер еді. Алыстағы немересі мен жиендерін жылына бір көретін қарт әйелге кішкентайдың иісін армансыз иіскетер еді. Әттең… мүмкіндігі шектеулі. Жарымжанның ішкі жанталасын, өзегін өртеген өкініштің ұшқынын Дархан Сүлейменовтің жанарынан көрді жұрт. Жас актердің мінсіз ойыны аяушылық яки мүсіркеуден гөрі бойыңдағы осалдықтармен, қоғамдағы әділетсіздіктермен күресуге деген ынтаңды арттырады. Дархан көрерменге кейіпкерінің емес, өзінің өмірін баяндап беріп жатқанына сендіреді. Сенесің. Мақсатпен бірге күлесің, бірге жылайсың, онымен бірге бәйек болып, қаладан келетін бауырларының жолын тосасың.

Міне, өздері де келді. Әуелі үлкен әпкесі Әлия мен жездесі Тұрсын келді базарлықтарын арқалап. Отағасын бір шыбықпен айдайтын әпкесі әуелде қара шаңырақтың жағдайын сөз қылып, анасы мен мүгедек бауыры үшін алаңдайтын сыңай танытқанымен, кейін қара басының күйін күйттеп кетеді. Бір бөлмелі аядай ғана пәтері үш адамға тарлық етіп жүргенін, жақсы қызметінен айрылып қалған ынжық күйеуінен титтей де пайда жоқ екенін айтып шағымданған қызы шешесіне қолыңдағы жекешелендіру купоныңды бер деп қолқа салады. Соны алып, үйін кеңейтіп, тұрмысын түзетіп алмақ. Бауыр еті – баласына қайтіп жоқ десін, ана байғұс не дерін білмей аңтарылып тұрып қалады.

Көп ұзамай кішкентайын көтеріп кіші қызы – Ләйлә мен күйеубаласы Зарқымбек те жетеді. Күннің ыстығы мен жолдың азабына, емшектегі баланың мазасызданғанына шағымданғаны болмаса, олар бастапқыда жеке бастың мұң-мұқтажын алға тартқан жоқ. Оның үстіне, өтірігі мен шынын араластырып, жүрген жерін қыран-топан күлкіге қарық қылатын Зарқымбек біреуден бірдеңе сұрағанды, жылағанды ұната бермейді. Қолынан келсе, алдап-сулап тартып алады, яки басқа айла-шарғы іздейді. Қайын апасы өз күйеуінен қызғыштай қорып отырған бір бөтелке арақты дымын білдіртпей қолды қылатын тұсында-ақ Зарқымбектен қулық артылмайтынына көзіңіз жетеді. Өз кейіпкерінің тілінде соншалық жатық сөйлеген белгілі актер Рахман Омар бұл жолы да өз биігінен көрінді. Көпірме сөз бен келеке-қылжаққа жаны жақын, жылпос күйеубала екінші пландағы кейіпкер болғанымен, драманың бояуын қанықтыра түсу үшін оның образына артылған жүк жеңіл емес.

Ал үйдің тұңғышы – Ерғали ауылдағы кәрі шешесі мен кенже бауырына жетуге асыға қоймағанын табалдырықтан аттаған бетте-ақ аңғартады. Дәметкен мен Мақсатқа сұлық амандасып, салқын үйге кіріп демалғаннан басқаға мойыны жар бермей тұрғанын жасырмайды. Оқыған кітаптарын айтып, көптен көрмеген ағасын әңгімеге айналдырғысы келген Мақсаттың әрекеті де бос әурешілік. Інісіне дәл алдыңғы жолы тарту еткен кітапты қайта сыйлаған, қаладан әкеліп берем деп уәде еткен көзілдірікті ұмытып кеткен ағасы үшін бауырдың көңілі аяулы емес екеніне көзі жетті, бірақ мойындағысы келмейді. Қара шаңырақты, кәрі шешені ұмыта бастаған аға-әпкелерін жамандыққа қимайды.

Бір әке-шешеден туған балалардың сан алуан мінез-құлқы аналары Дәметкеннің 70 жылдығына арналған мерекелік дастарқан басында ашылады. Бастапқыда туған үйлерін, бір-бірін сағынысқан шырай танытып, мәз-мейрам болып отырған бауырлар аяқ астынан қырық пышақ болып шыға келеді. Даудың басы – Дәметкеннің жекешелендіру купоны. Анасы оны Әлияға берейін деп жатқанын естіген Ләйлә ылаң шығарады. Купонды неге үлкен қызы иемденуі тиіс? Сонда жатақхананың аядай ғана бөлмесінде жаңа туған сәбиімен бірге итшілеп күнелтіп отырған Ләйләні кім ойлайды? Шағын да болса өз үйі бар әпкесінің өз несібесіне ортақтасып отырғанын әділетсіздік деп санаған кіші қызы анасына мұңын шағады, ызаланып жылайды. Ләйлә бар мұқтажын ақтарған соң, Әлия қарап тұрсын ба? Ол да жоқ-жітігін түгендеп шыға келеді. Ұрыс-керістің соңы үлкен жанжалға ұласып, оған отбасының барлық мүшесі араласады. Себеп – біреу: ешкім өз өміріне риза емес. Тіпті, бастапқыда өзін төрт құбыласы тең адамша ұстап, бақуатты өмір сүріп жатқанына шүбәсіз сендірген үлкен ұл – Ерғали да «бетпердесін» шешуге мәжбүр болады. Қыдырудан қолы тимейтін әйелі мұны адам құрлы көрмейтінін, ұлын әжесіне ертіп әкелмек түгілі, өзі зарығып әрең көретінін жайып салады. Күшік күйеу болудан қажыған Ерғали үйдің асын ішпегеніне бір ай болғанын да мойындайды. Әуелі қайратты, дәулетті боп көрінген кейіпкердің аяқ астынан шарасыз күйге түсуі аянышты-ақ. Біздіңше, Сәкен Рақышевтың Ерғалиы спектакльдегі сәтті образдардың бірі.

Спектакльдің шарықтау шегі – шыдамы да, шарасы да таусылған ананың ашуға мінетін тұсы. Шалғайдағы ауылда мүгедек ұлымен бірге жалғыз қалған Дәметкеннің өз перзенттеріне өкпесі қара қазандай: қарт әйелге үйдің шаруасын жалғыз дөңгелету оңай емес, оның үстіне, арбаға таңылған баласының күтімі де қажытқан. Бір-бірін жұлып жеуден тайынбайтын балаларының жанжалы онсыз да діңкесі құрыған ананың төбесінен жай түсіргендей болды. «Неге ұрсысасыңдар? Бір әке, бір шешеден тудыңдар емес пе? Бұл қайдан шыққан ашкөздік?» деп ит пен мысықша алысқан ұл-қызын сабасына түсірмек болады. Бірақ бәрі бекер. Аға-әпкесіне басу айтып, орталарында азар да безер болып шарқ ұрған Мақсаттікі де бос далбаса. Бауырларының ешқайсысы кішірейгісі келмейді, кінәсін мойындаған біреуі жоқ.

«Мен әрі қарай өмір сүруге қорқам!..». Иә, Мақсат қана емес, керегесі сөгіліп, шаңырағы ортасына түскелі тұрғанда бүтін бір отбасының тағдыры үшін залда отырған қай-қайсымыз да қорықтық. Жан-жаққа телеграмма жіберіп, бауырларының басын қосайын деген адал ниетінің орындалмағаны біздің де жанымызға батты. Ашуға булығып жылаған анасын жұбатамын деп ұмтыла беріп, арбадан омақаса құлағанында онымен бірге біз де жерге сұлап түскендей болдық. Балаларынан қанша көңілі қалса да, жүрегі қанша қан жыласа да, мейірбан ана жарымжан перзентін орнынан тұрғызатындай боп көрінді. Алайда ол артына бұрылмады да…

Қара жерге етпетінен құлаған Мақсаттың тәні емес ауырған, шын пейілімен жақсы көретін жақындары үшін жаны ауырды. Көңілі таза, жүрегі ақ жігітке отбасын біріктіруден ұлы мұрат болған жоқ. Осы мақсат жолында өз өмірін құрбан етуден де тайынбақ емес. Ол солай етті де. Үйден безіп, бақшаға қарай ұмтылған жарымжанның келмеске кеткенін Тұрсын жездесі сүйретіп әкелген бос арба ұқтырды. Қара жамылып, қайғы жұтқан ағайындылар бірін-бірі қатты құшып тұрып бұдан былай бір болуға серттесті. Ұсақ-түйек ренішті ұмытып, ендігәрі бір-бірінің жанына жара салмауға уәде берді. Мақсаттың құрбандығы бекер болмағанына сенгің келеді…

Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашын» қазақ театры үшін жаңалық деуге келмес. Драма бұған дейін Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры мен Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында, бірқатар аудандық театрларда да сахналанып, көрермен тарапынан жоғары бағасын алып қойған. Уақыт алмасып, заман жаңарған сайын шығармада көтерілген тақырыптың өзектілігі артып келе жатқанына да көзіміз әлдеқашан жеткен. Режиссер Мұрат Ахмановтың бұл жолғы интерпретациясы отбасы құндылықтарының қадірін қашырып алған дәл бүгінгі қоғамның тамырын дөп басқандай. Ел жастарының басым көпшілігі Алматыда шоғырланғанын, жан азығын іздегендері ең әуелі жасөспірімдер театрынан табылатынын ескерсек, бұл қойылымның Ғ.Мүсірепов театрының репертуарынан лайықты орын алуы заңды.

P.S: Залдан шыға салып, анасымен тілдесуге асыққандардың көп екенін байқадық. Үйін сағынып жүрген студент қыздың сағынышын бұл қойылым тіпті маздатып жіберсе керек, «айфонын» дереу құлаққа жүгіртіпті. Айналасындағыларға естіртпейін деп: «Иә мама, тамағым тоқ» деп сыбырлап барады. Есіктен қатарласа шыққан егделеу апайдың да құлағында телефон: «Апа, ауырмай жүрсіз бе?»… Осыдан кейін спектакль авторларына да, олар қойған міндетті мінсіз орындаған актерлерге де «Браво!» дегеннен басқа айтарымыз жоқ!

Анар ЛЕПЕСОВА

Редакция таңдауы

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...
1 2

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша...
akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза...
05

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің...

Жаңалықтар

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...