Бауырлас елдің басшылары Елбасын құттықтады

31 желтоқсан, 2019 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бауырлас елдің басшылары Елбасын құттықтады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен,  Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен және Өзбекстан Республикасының прези­денті Шавкат Мирзиёевпен  телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейі мен ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті. Мемлекет басшылары Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.