Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады
ашық дереккөзі
Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған, сондықтан 2020 жылдың басынан бастап көлік жүргізушілері абай болуы керек, – деп хабарлайды zakon.kz. – Қоғамда қызу пікірталас тудыратын өзекті мәселелердің бірі – мас күйінде көлік жүргізу. Президент бұл мәселеде жауапкершіліктің күшейтуді тапсырған. Ол заң бұзушыларды түрмеге отырғызып, айыппұл салып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру керек деді. Өкінішке орай, жыл сайын мас күйінде көлік жүргізген 30 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Мас жүргізушілердің салдарынан болған апаттан биылғы жылдың өзінде 1000-нан астам азамат жарақат алды немесе қайтыс болды, – деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Қазіргі уақытта жол ережесін бұзған автокөлік иесі (алкогольдік масаңдық немесе масаңдық) жол ережесін бұзғанда қандай деңгейде мас болды деген заңда ешқандай айырма көрсетілмейді. Бірақ ендігі заң бойынша қаннан алкоголь табылса, онда ол бірден ауыр қылмыс санатына жатқызылады, татуласуға мүмкіндік берілмейді, 7 жылдан 10 жылға дейін өмір бойына бас бостандығынан айырылады, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылады (ҚК 345-1 бабы). «Егер азамат белгілі бір мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, кейін оны алған соң қайтадан ұсталып, көліктің рөліне мас күйінде отырғаны белгілі болса, онда көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылады», – деп нақтылады М.Ахметжанов.