Бүгін жауын-шашын болып, қар жауады

Бүгін жауын-шашын болып, қар жауады

Бүгін жауын-шашын болып, қар жауады
ашық дереккөзі
Желтоқсанның 31-і күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 31-желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Сондай-ақ жел секундына 15-20 жылдамдықпен ұйтқып, екпіні 25 м/с жетеді. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлеріңде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз бірқатар аумақтарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Алматы облысының кей жерлеріңде тұман, көктайғақ болып, түнде жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 18-23 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлеріңде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.