Мен тиісті құжаттарды талап еткенде, шенеуніктер Bek Air-дің сөзін сөйлейтін – Тоты Әмірова

Мен тиісті құжаттарды талап еткенде, шенеуніктер Bek Air-дің сөзін сөйлейтін – Тоты Әмірова

Мен тиісті құжаттарды талап еткенде, шенеуніктер Bek Air-дің сөзін сөйлейтін  – Тоты Әмірова
ашық дереккөзі
Bek Air компаниясы ұшақтардағы техникалық ақауларға, жөндеу жұмыстарына салғырт қарап келген. Ұшу сертификатын алу үшін компания өкілдері түрлі қитұрқылыққа барған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің ұшу эксплуатациясы басқармасының бұрынғы басшысы Тоты Әмірова Facebook-тегі парақшасында айтты. «Мен жұмыстан шығардың алдында Bek Air-мен қарым-қатынасым өте нашар болды. Олар соңғы жылдағы дефектілердің тізімін және құрал-саймандар мен жөндеу жұмыстарына шарт әкелмейінше, сертификат алмайтынын айтқан болатынмын. Олар "біздің соңымыздан қалмайды" деп шағымданатын. Тіпті, сотта компанияның өкілі Ж.Берденов мені Bek Air-ді құртқысы келеді деп айыптады. Нәтижесі не болғанын білесіздер... Маған жоғарыдан телефон шалып, қысым көрсетушілер көп болды, бірақ мен өз жұмысымды адал атқардым. Бір түсінгенім, қанша ескертсең де, апат болмайынша ешкім қозғалмайды. Ең сорақысы, Р.Скляр да, Б.Қамалиев те, өзге шенеуніктер де үнемі Bek Air-дің сөзін сөйлейтін.», - дейді Тоты Әмірова. Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш ұшқыш қызы Тоты Әмірова Азаматтық авиация комитетінен 2019 жылдың жазында жұмыстан шығарылған. Министрдің блогына Азаматтық авиация комитетінің жазғы эксплуатация басқармасының басшысы ретінде заңсыз әрекеттері туралы шағым түскеннен кейін қызметтік тергеу жүргізіліп, Әмірова қызметтен шеттетілді.