- 1900 жылы Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектебі Түркістан қаласында ашылды.
- 1912 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ әліпбиін (төте) жасап, қолданысқа енгізді. Сол тұстағы газет-журналдар төтеше шыға бастады.
- 1924 жылы Орта Азияда ұлттық мемлекеттік шекараларды белгілеу нәтижесінде Түркістан республикасы құрамына кіретін қазақтар Қазақ Автономды республикасына қосылып, ұлт біртұтастығы қамтамасыз етілді және жер көлемі өсті. 1924 жылы Қазақ Автономиялы Әкімгершілік территориясын межелеу барысында елдің астанасын Орынбордан көшіру туралы мәселе қойылды.
- 1936 жылы Қазақ АССР біршама жоғары статусқа ие болып, одақтас республикаға айналды. Басқаша айтқанда, большевиктер басшылығының еркі бойынша Қазақстан Ресей құрамынан шықты. Конституцияға сәйкес, Ресеймен тең құқыққа ие болды (заң жүзінде болса да). Ең бастысы, 1936 жылғы Негізгі Заңның 17-бабында бекітілген «КСРО-дан еркін шығу» құқығына ие болды. Нәтижесінде, Қазақстан жеке мемлекетке айналудың алғышарттарын жасады. Тарихта 1936 жылы күн тұтылған. National Geographic қоғамы осы жылдың 19 маусымында Кеңес Одағының азиялық бөлігінен күн тұтылуын бақылау экспедициясының жетекшісі Ирвин К.Гарднер зерттеу жүргізген. Келесі 1937 жылы жаппай қуғын-сүргін басталды...
- 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларациясы (Universal Declaration of Human Rights, UDHR) қабылданып, жария етілді. Дәуір құжаты әр адамға оның нәсіліне, жынысына, тіліне, діни, саяси немесе өзге наным-сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне қарамастан тең құқық береді.
- 1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негiзiнде құралған трактор зауыты, Ақмоладағы «Қазауылмаш», Семейде арматура зауыты саланың басты кәсiпорындары болды. Аталған мерзiм iшiнде Семейде кабель, Текелiде аккумулятор, Өскеменде электротехникалық конденсатор, Кентауда трансформатор, Алматыда төмен вольтты аппараттар зауыты, Жезқазған, Семей, Ақтөбе қалаларында тоқыма фабрикалары салынды.
- 1972 жылы Қапшағайда электр стансасы салынды. Және дәл осы жылы Мюнхенде өткен Олимпиадада Әлжан Жармұхамедов чемпион атанды.
- 1984 жылы кезекті мектеп реформасы басталды. Мектептің материалдық базасын нығайту, 6 жастан бастап оқыту, жаңа пəндер енгізумен қатар мұғалімдер мәртебесі көтерілді. 1984 жылы Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың ұсынысымен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР Министрлер Советінің төрағасы болып сайланды.
- 1996 жылы еліміз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылған халықаралық ұйымға кірді. Осы жылы 30 қыркүйек Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қосылды. 21 қазан Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ташкентте өткен түркітілдес мемлекет басшыларының кездесуіне қатысты.
- 2008 жылы қаңтар айында Оралмандардың көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Президентінің Жарлығы шықты. 2 желтоқсанда 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы Үкіметі қаулысымен бекітілді
Бақытбек ҚАДЫР