Қазақстанның ең қымбат футболшыларының рейтингі жасалды

Қазақстанның ең қымбат футболшыларының рейтингі жасалды

Қазақстанның ең қымбат футболшыларының рейтингі жасалды
ашық дереккөзі

KazFootball еліміздегі ең қымбат 15 футболшының рейтингін жасады. 

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ең қымбат ойыншы болып танылды.

Оның нарықтағы бағасы 3 миллион еуроны құрады.

Екінші орынды елордалық "Астана" клубында доп бірге доп тепкен Дмитрий Шомко мен Роман Мұртазаев бөлісіп тұр.

Олардың бағасы Исламханға қарағанда жарты миллион еуро арзан.

Алматылық "Қайрат" сапында ойнаған Исламбек Қуат 2 миллион еуромен тізімнің төртінші сатысына жайғасқан.

Үздік бестікті "Ордабасы" қақпашысы Дмитрий Непогодов қорытындылап тұр.

Футболшының нарықтағы бағасы 1,8 млн еуроға тең.

Қазақстан ұлттық құрамасының ең қымбат 15 футболшысының тізімін "Астана" сапындағы Юрий Перцух қорытындылап тұр.