Жаңа заң: Енді педофилдерге аяушылық болмайды

Жаңа заң: Енді педофилдерге аяушылық болмайды

Жаңа заң: Енді педофилдерге аяушылық болмайды
ашық дереккөзі
Елімізде қабылданған жаңа заң бойынша зорлық-зомбылық пен педофилия қылмысы үшін жаза күшейді. Бұл туралы ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, Мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңы арқылы зорлау (Қылмыстық кодекстің 120-бабы) және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері (ҚК 121-б.) орташадан ауыр санатқа ауыстырылды (ҚК 120-бабының 1-бөлігі, 121-бабының 1-бөлігі – 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру). «Бұған дейін зорлау қылмысы орташа санатта болды және қос тараптың ымыраға келуіне, істі сотқа жеткізбеуге мүмкіндік берілетін. Енді бұл санаттағы қылмыс бойынша мәмілеге келуге тыйым салынады», - деді Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. «Жас балаға қатысты зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабы) 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ғана көзделген. Жас балаларды өлтіргені үшін де осындай жаза беріледі. Енді педофилия фактілерін хабарламағаны, жасырғаны және бұрмалағаны үшін (ҚК 416, 432, 434-баптары) жазаның ең жоғары мерзімі - 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру», - деді Марат Ахметжанов.