Әр күн сайын ForteBank-тің күнтізбесінен Абайдың қара сөзін оқисыз
Әр күн сайын ForteBank-тің күнтізбесінен Абайдың қара сөзін оқисыз
Әр адамның жұмыс күні күнтізбені бір шолудан басталады. Ал әр күн сайын сол күнтізбеңізге бір көз тастағанда, Абайдың қара сөздерінің бір жолын оқып тұрсаңыз, керемет емес пе? Жаңа жыл қарсаңында ForteBank 2020 жылға арналған өзгеше корпоративтік күнтізбесін ұсынды. Онда әлемнің бірнеше елінің суретшілері қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының құнды мұрасын барынша жаңғыртуға тырысқан. Күнтізбенің әр бетіне әйгілі ақынның қырық бес қарасөзінен үзінділер келтірілген.
Movators шығармашылық студиясының бас продюсері Дмитрий Щеголихиннің сөзінше, Абайдың қарасөздері өте ойлы, ал тілі шұрайлы. «Бір ғана жолымен бірнеше мағынаны ұқтырады, халық мұрасының құнды дүниелерімен сусындатады. Ол өмір сүрген уақыттың әлеуметтік мәнін ескерсеңіз де, әлі күнге мәнін жоғалтпаған нақылдарды көресіз. Рас, Абай шығармашылығын өзге тілдерге аудару қиын, бірақ біз классикалық сөздерімізді қазіргі сөйлеу мәдениетімен ұштастыра отырып, оларды қайта жаңғыртуға тырыстық», дейді ол.
Күнтізбенің 12 бетінде Қазақстан, Грузия, Ресей және Беларусь елдерінің алдыңғы қатарлы дизайнерлері жасаған 12 түпнұсқа сурет бар. Олардың әрқайсысы стильдік айырмашылығына қарамастан, бір ғана ойды қаузайды, ол - Абай шығармашылығының көркемдігін зерттеуге тырысу.
Күнтізбе Абай мұрасын қайта жаңғыртуды ғана емес, сонымен қатар ForteBank-тің экологиялық ұмтылысын де бейнелейтінімен қызықты. «Күнтізбе экологиялық таза форматта, жартылай қайта өңделген материалдардан жасалған. Сол себепті, оны биологиялық тұрғыдан толығымен ыдыратуға болады», - дейді ForteBank-тің маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким. Оның айтуынша, бұл өнімдер өткен уақыт пен болашақтың арасындағы қазіргі тақырыптың нағыз жалғасы іспетті.