Instadram жұлдызы – Оразбай

Instadram жұлдызы – Оразбай

Instadram жұлдызы – Оразбай
ашық дереккөзі
Instagram әлеуметтік желісінде «qqonyratt» аккаунтымен көпке танылған, бүгінде сексен мыңнан астам тіркелушіге жүйелі қызмет көрсетіп жүрген  Оразбай Сайлаубай есімді жас жігіт бар. Ол – Жетісай қаласы­ның тумасы. 1995 жылғы 31 қаңтарда көпбалалы отбасында дүниеге келген. Мектеп бітіріп, Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түскен бозбала күнделікті оқуымен қатар қосымша кәсіптік-техникалық маман­дықты да игеріп, бүгінде сол кәсіптік білімінің қызы­ғын көріп отыр. Жоғары білімді кинотанушы маман әрі аспаз Оразбаймен сөйлесіп, пікірлес­кенімізде, оның көзқарасына, азаматтық ұстаны­мына риза болдық. Соңғы жеті жылдан бері Оразбай кондитерлік наубайханада қызмет етіп, өзінің кәсіби шеберлігін арттырған. Аз ғана жылдың ішінде бас қаладағы санаулы кондитер­лердің бірегейіне айналып үлгерген. «Кәсіптік-техникалық білім беру орталық­тарында көбіне-көп өзге ұлт өкіл­дері оқып, грантпен тегін білім алады екен. Олар көлік жөндеу орта­лықтарын­да немесе кілт, сағат жасау, киім тігу, жөндеу цехтарында кәсіптерін өрге домалатып отыр. Ал қазақтың біз қатарлы, сіз қатарлы жастары базарда суық күнде арба сүйреп, қара  жұмысқа жегіліп жүр. Байқауымша, біздің қоғамда кәсіптік-техникалық білімге деген адамдардың түсінігі жоқ сияқты. Қазіргі таңда мемлекет есебінен осы салаға көп қаржы бөлінуде. Заңгер, экономист оқуын оқып, жұмыс таппай сандалып жүргендер көп. Ал халыққа ең керек­тісі, сұранысқа ие мамандықтар осы кәсіптік-техникалық сала мамандары» деп қынжылыс білдірді. Оразбай аспаз рас нәрсені айтып отыр. «Тамақты кез келген аспаз жақсы көңіл күймен бастаса, тамағы тәтті, тіл үйіретін дәмді болып шығады. Мысалы, мен өзім қамыр илерде немесе пешке тағам саларда үнемі ән айтып, ерекше көңілмен жұмыс істеймін»  деп өзінің жеке құпиясымен бөлісті. Аспаздың Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзінің орындауындағы жеке әндері мен түрлі образдағы пародия­лары бар. Оқырман назарына жаңа жыл ме­рекесі қарсаңында аспаз Ораз­бай­дың авторлық «Тәтті бәліш» мерекелік тағамының мәзірін ұсынамыз.
  1. Жұмыртқа – 3 тал
  2. Маргарин – 250 гр
  3. Қант – 200 гр
4.Ұн – 500 гр
  1. Ашытқы – 10 гр
Жасалу жолы:
  1. Жұмыртқа, жұмсартылған маргарин және қантты миксермен жақсылап аппақ болғанша айналдырамыз.
  2. Сол массаға ұн мен ашытқыны қосып, қамырды илейміз. Бастап­қы­да қамыр өте жұмсақ болады. Онымен жұмыс істеу қиындау болғандықтан, қамырды пакетке салып, тоңазытқышқа 1 сағатқа қоямыз. Сосын пісіруге болады.
«Болашақта өзімнің осы қызме­тім­нің сервисін үлкейтіп, цех аш­қым келеді. Абай атамыз айтқан «Есек­тің артын жусаң да мал тап» дегендей, бұл адал іс, таза еңбек. Біреулер аспаздықты әйел адам­ның ісі деп менсінбей жатады. Бірақ Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшама жұрттар түрлі қызы­ғу­­шылықпен  сұрақ қойып, мәзір сұрап, кеңес алып тұрады. Видеоб­лог арқылы онлайн дәріс­тер де жүргізіп жүрмін. Бәрі де біреудің кәдесіне жараса деген ниет» деп өзінің арманын айтты. Кинотану­шы­­лық негізгі маман­дығы­мен аспаз­дықты да қатар алып, жемісті қызмет етіп жүрген қа­зақ­тың бір баласына толайым та­быс тілейміз.  

Елдос НҮСІП