Альпі тауларында бір топ турист қар көшкінінің астында қалды
Альпі тауларында бір топ турист қар көшкінінің астында қалды
Аустриямен шекаралас жатқан Италияның Альпі тауларынан қар көшкіні жүріп, салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды DW.
Табиғат апаты 25 жастағы әйел мен екі 7 жастағы қыздың өмірін жалмады. Қыздардың бірі қаза болған әйелдің баласы болған. Барлығы - Германия азаматтары.
"28 желтоқсан күні күндіз Валь Сеналес (Шнальсталь) тау-шаңғы курортында шаңғышылар тобы қар көшкінінің астында қалып қойған. Құтқару операциясына 3 тікұшақ пен 70 құтқарушы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Зардап шеккен әйел мен 7 жасар қыз оқиға орнында қаза тапты. Ал әйелдің қызы алған жарақаттарынан ауруханада қаза тапты.
Қар көшкіні салдарынан тағы екі неміс жарақат алды, оның біреуі - 11 жасар бала. Олардың барлығы бір туристік топта болған.
Құтқарушылар әлі де іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Себебі, апат болған сәтте күннің қараңғылығына байланысты қар көшкінінің астында әлі де адамдар бар-жоғын нақтылау мүмкін болмады.