Альпі тауларында бір топ турист қар көшкінінің астында қалды

Альпі тауларында бір топ турист қар көшкінінің астында қалды

Альпі тауларында бір топ турист қар көшкінінің астында қалды
ашық дереккөзі
Аустриямен шекаралас жатқан Италияның Альпі тауларынан қар көшкіні жүріп, салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды DW Табиғат апаты 25 жастағы әйел мен екі 7 жастағы қыздың өмірін жалмады. Қыздардың бірі қаза болған әйелдің баласы болған. Барлығы - Германия азаматтары. "28 желтоқсан күні күндіз Валь Сеналес (Шнальсталь) тау-шаңғы курортында шаңғышылар тобы қар көшкінінің астында қалып қойған. Құтқару операциясына 3 тікұшақ пен 70 құтқарушы жұмылдырылды", - делінген хабарламада. Зардап шеккен әйел мен 7 жасар қыз оқиға орнында қаза тапты. Ал әйелдің қызы алған жарақаттарынан ауруханада қаза тапты. Қар көшкіні салдарынан тағы екі неміс жарақат алды, оның біреуі - 11 жасар бала. Олардың барлығы бір туристік топта болған. Құтқарушылар әлі де іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Себебі, апат болған сәтте күннің қараңғылығына байланысты қар көшкінінің астында әлі де адамдар бар-жоғын нақтылау мүмкін болмады.