"Йогамен шұғылданып жүр": Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары оның түрмедегі жағдайы туралы айтты

"Йогамен шұғылданып жүр": Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары оның түрмедегі жағдайы туралы айтты

"Йогамен шұғылданып жүр": Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары оның түрмедегі жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзі
Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары сот үкімін қайта қарауды сұрамақ.  Бұл туралы Ақжарқынның екі адвокатының бірі Мурал Аденұлы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Себебі ол сот қорғаушы тараптың пікірін назарға алмаған дейді. Еске сала кетейік, Қытай соты бұған дейін қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Жақында осы елдегі консулымыз Ақжарқынмен кездесіп, оған жақындарының фотосуреттері мен ағылшынша кітаптар табыс етіп қайтты. Оның айтуынша, қандасымыздың халі бірқалыпты. Ол өзін-өзі дамытуды жалғастырып, йогамен шұғылдануды бастаған. Жалпы Қытайда есірткімен ұсталған адамдарға жаза қатаң. Дерекке сүйенсек, бұл елде 2000 жылдан бері оннан астам шетелдік өлім жазасына кесілген.