Air Astana билеттерінің құны Bek Air компаниясының бағасынан қымбат болмайды – министрлік

Air Astana компаниясы ұсынатын бағалар Bek Air компаниясы алғаш ұсынған билеттердің бағасынан қымбат болмайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Bek Air компаниясының 7 қаңтарға дейін тыйым салынған рейстеріне билет алған жолаушылар үшін Air Astana компаниясы орын болған жағдайда Bek Air компаниясынікінен қымбат емес баға ұсынатын болады», – делінген хабарламада.

Air Astana Нұр-Сұлтаннан Алматы қаласына қатынайтын және 27-29 желтоқсан аралығында кері қатынайтын қосымша 5 рейс қосты. Air Astana әуе компаниясы Bek Air жолаушыларын қажетті жеріне уақытында жеткізу мақсатында ішкі рейстерді қосу жұмыстарын жалғастыруда.

Back to top button